Басты бет Экономика Жүргізушілерге салынатын айыппұл сомасы азаяды

Жүргізушілерге салынатын айыппұл сомасы азаяды

Әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл сомасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттағы үкімет сағаты барысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

«Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру мақсатында біз өзіміздің құқық қолдану тәжірибемізді қайта мұқият қарап шығып, әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл сомасын қысқарту туралы шешімге келдік», — деді министр.

Оның айтуынша, мұнда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар туралы айтылып тұрған жоқ. Тек көлікпен тоқтап және оны тұраққа қою кезінде салынатын айыппұл көлемін азайту ұсынылған. Ал фараны жағуды бірінші рет естен шығарған жолаушыларға тек ескерту айтылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version