Басты бет Жаңалықтар Бала зорламақ болған ақмолалық әскери ұсталды

Бала зорламақ болған ақмолалық әскери ұсталды

Фото: Syr-media.kz
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорламақ болған. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар ішкі істер министрлігі қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.

Exit mobile version