Басты бет Push Елімізде балаларға арналған фотосурет байқауы басталды

Елімізде балаларға арналған фотосурет байқауы басталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Елімізде «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» деген ауқымды фотобайқау басталды. Байқау отбасыларды салауатты өмір салтын ұстанатын нағыз белсенді болуға шабыттандыруға, денсаулық сақтауды бүкіл отбасы үшін қызық іске айналдыруға арналған.

Байқау 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы сәуір аралығында өтеді. Мынадай кезеңдерге бөлінген:

1-кезең. «Анам, әкем және мен – аспаз отбасы» (2024 жылғы желтоқсан). Қатысушылар фотосуреттерде тамақ жасау хоббиі мен отбасындағы асқа қатысты дәстүрі туралы баяндайды.

2-кезең. «Қыс ертегісі» (2025 жылғы қаңтар). Қыс — жаттығатын тамаша уақыт! Сенбесеңіз, қатысушылар мұны дәлелдеп береді!

3 кезең. «Отбасымның спорттық қалаулары» (2025 жылғы ақпан). Футбол, гимнастика, баскетбол. Қатысушылар тағы қандай спортты ұнатады?

4-кезең. «Табиғатты аялау» (2025 жылғы сәуір). Денсаулықты күту = қоршаған ортаны аялау. Қатысушылар отбасындағы эко-дәстүр туралы айтып береді.

Байқауға еліміздегі барлық оқушыл мен олардың ата-анасы қатыса алады. Байқау жобаның prav-pit.kz сайтында өтеді. Әр кезең бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік жұмыс көрсеткендерге сыйлық табысталып, жобаның ресми арналарында жарияланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған отбасыны өмір салтына оң өзгерістер енгізуге шабыттандырады. Қосымша ақпарат пен байқау ережелері prav-pit.kz сайтында жарияланған.

Exit mobile version