Басты бет Жаңалықтар Қарағанды және Ақмола облыстарында жол жабылды

Қарағанды және Ақмола облыстарында жол жабылды

Фото: baq.kz
Ауа райының бұзылуына байланысты, Қарағанды және Ақмола облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлап отыр.

Қарағанды облысы

Күн райының күрт бұзылуына байланысты, сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысы

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Exit mobile version