Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда өзеннен ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстанда өзеннен ер адамның денесі табылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Exit mobile version