Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

13 желтоқсанда ауа райына байланысты еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, сонымен қатар Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/ болады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.