Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда шетел азаматтары мінген автобус 30 градус аязда жолда қалды

Қарағандыда шетел азаматтары мінген автобус 30 градус аязда жолда қалды

Фото: baq.kz
Қарағандылық полицейлер жолда қалған жолаушыларға көмектесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

30 градустық аязға төтеп бере алмаған қоғамдық көлік Сарышаған ауылына кіре берісте істен шыққан.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған көліктің иесіне қол ұшын беріп, ішіндегі 53 жолаушыны елді мекеннің мешітіне орналастырды. Ал көмекке келген екінші экипаж қоғамдық көлікті жөндеуге көмектесіп жатыр.

Полицейлер көлік жүргізушілерден алыс жолға шығарда көлік құралдарының жолға жарамдылығына көз жеткізіп, техникалық ахау болған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес берді.

Exit mobile version