Басты бет Жаңалықтар Алматы метросында ер адам рельске құлап, қаза болды

Алматы метросында ер адам рельске құлап, қаза болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ер адам метро рельсіне құлап қаза болды. Қайғылы оқиға Абай станциясында болған.

Оқиға куәгерлері ер адамның құлағанын байқап қалған.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем дәрігерлері келді. Өкінішке қарай, құлаған адам қайтыс болды.

“Абай” станциясындағы қайғылы жағдай салдарынан 26 жастағы зағип адам қаза болды, — деп хабарлады Алматы полициясы.

Видеодан рельске құлаған адамға сол жердегі тұрғындардың көмектесіп жатқанын көруге болады.

Exit mobile version