Басты бет Push 30 қарашада Қазақстанның 13 қаласында ауа ластанады

30 қарашада Қазақстанның 13 қаласында ауа ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

2024 жылғы 30 қарашада Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version