«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын дайындады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен келесі күн райы болжанып отыр: республиканың солтүстік бөлігінде қар, ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын жауады.
30 қараша және 1 желтоқсанда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
Тек республиканың батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында айтарлықтай жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.