Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанды

Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанды

Димаш Құдайберген. Фото: Ortcom.kz
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды.

Артист Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рақмет. Рақмет, Дубай, рақмет, DIAFA, — деп жазды Димаш Құдайберген.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

Exit mobile version