Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды

Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды

Фото: baq.kz
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейін облыстың екі ауданында автожолдар жабылғанын хабарлап отыр.

Автожолдар жабылуының басты себебі — таулы аймақтағы қар көшкіні қаупі.

Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында келесі бағыттағы автожолдар жабылады:

1) «Есік қаласы—Есік көлі» 7-ден 15 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол;
2) «Турен-Батан Асы обсерваториясы» 15-тен 41 км-ге дейін автожол;
3) «Талғар қаласы—Спутник лагері» 6-дан 11 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол.

Exit mobile version