Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: БҚО ТЖД
Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты «Қарабұтақ — Комсомольский — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Exit mobile version