Басты бет Экономика БжЗқ 1 шілдеден бастап жаңа электронды қызметтерін іске қосады

БжЗқ 1 шілдеден бастап жаңа электронды қызметтерін іске қосады

БжЗқ 1 шілдеден бастап жаңадан екі электронды қызметін іске қосады. Енді зейнетақы шоттарын ашу мен зейнетақы төлеміне өтініш беру үшін қордың кеңсесіне барудың қажеті болмайды.

Қазір зейнетақы қорында электронды қызметтерді енгізуге қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол 1 шілдеден бастап қордың сайтында, жыл соңында электронды үкімет порталында қолжетімді болады.

Сондай-ақ, жуырда банктер мен сауда орталықтарында қордың VTM-терминалдары орнатылады. Осы арқылы салымшылар БжЗқ мамандарымен байланысып, зейнетақы шотын ашуға өтініш жіберіп, шоттағы ақша көлемін біле алады. Қазір бұл терминалдар сынақтан өткізіліп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version