Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, — делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында-көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Exit mobile version