Басты бет Жаңалықтар Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

Фото: gov.kz
Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

2024 жылғы 13 қарашада Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Exit mobile version