Басты бет Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза болды

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза болды

Фото: Syr-media.kz
ҰҚК шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға 7 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид, — делінген хабарламада.

Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Exit mobile version