Басты бет Жаңалықтар АҚШ-тағы президентті сайлауда Дональд Трамп басым түсті

АҚШ-тағы президентті сайлауда Дональд Трамп басым түсті

Дональд Трамп. Фото: Тheodysseyonline.com
АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп көш бастап тұр. Оған берілген дауыстар саны бас қарсыласы Камала Харристен басым түсті.

Бұл туралы Fox News хабарлап отыр.

Сайлау қорытындысы бойынша, Дональд Трамп жеңіске жету үшін қажет 270 сайлаушының дауысынан асып түсіп, 277 дауыс жинады, — делінген хабарламада.

Телеарнаның мәліметінше, Харристің 226 дауысы бар. Трамптың жеңісін өкілдер палатасының спикері Майк Жонсон да жариялады.

Айта кетсек, 5 қарашада АҚШ-та президент сайланып жатыр. Демократиялық партиядан вице-президент Камала Харрис, Республикалық партиядан бұрынғы президент Дональд Трамп бәсекеге түскен еді.

Exit mobile version