Басты бет Жаңалықтар Қар, жаңбыр және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қар, жаңбыр және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 1 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады.

Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады.

Ақтөбеде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Атырауда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

1 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Көкшетауда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

1 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, орталығында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсед. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с болады.

Қызылордада кей уақытта тұман түседі.

1 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағандыда 1 қарашада көктайғақ болады.

1 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

1-3 қарашада түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 1-3 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады.

Таразда 2 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

1 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Петропавлда 1 қарашада күндіз көктайғақ болады.

1 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түселді.

Қостанайда 1 қарашада түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

1 қараша түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оралда 1 қараша түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

1 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

1 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Exit mobile version