Басты бет Жаңалықтар Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзербайжан азаматы ұсталды

Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзербайжан азаматы ұсталды

Фото: Glavk.info
Астананың халықаралық әуежайында алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан елінің азаматы ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Exit mobile version