Басты бет Қоғам Мамыр айында Қазақстандықтар 11 күн демалады

Мамыр айында Қазақстандықтар 11 күн демалады

Мамыр айында бес күндік жұмыс режиміндегілер он бір күн, алты күн бойы жұмыс істейтіндер алты күн демалады.

©gorlovka.today

2017 жылғы 1 мамыр дүйсенбіге келеді, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 Мамыр — Жеңіс күні.

Бұдан соң 6 мамыр сенбіге түседі, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі жексенбіге дөп келетіндіктен, дүйсенбі — 8 мамырда да демалыс болады. Ар жағындағы 9 мамыр Жеңіс күні. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан төрт күн, яғни 6, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.

Ал, 13, 14, 20, 21, 27, 28 мамыр күндері сенбі мен жексенбі күндеріне келеді.

Осылайша, мамыр айында бес күндік жұмыс режиміндегілер он бір күн, алты күн бойы жұмыс істейтіндер алты күн демалады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version