Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Фото: Akorda.kz
28-29 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сонымен қатар Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Exit mobile version