Басты бет Жаңалықтар Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

Фото: kazpravda.kz
Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Республика күніне арналған мерекелік отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Отшашу 25 қазан күні сағат 21.00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді.

Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара, соның ішінде мерекелік концерт, көрме, дөңгелек үстел, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шара өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сонымен қара тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және тағы басқа орындарда өтеді.

Exit mobile version