Басты бет Push 19 қазанда Қазақстанның 7 қаласында ауа ластанады

19 қазанда Қазақстанның 7 қаласында ауа ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 19 қазанда Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Астана қалаларында, түнде Петропавл мен Қостанайда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version