Басты бет Жаңалықтар 2025 жылы президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшіріледі

2025 жылы президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшіріледі

Фото: e-history.kz
Президент мұрағатын Алматы қаласынан Астанаға көшіру туралы мемлекет басшысының жарлығы жарияланды.

Қазақстан Республикасының үкіметі 2025 жылғы 1 наурызға дейін «Қазақстан Республикасы президентінің мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін, — делінген жарлық мәтінінде.

Осы орайда «Қазақстан Республикасы президенті мұрағатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №808 жарлығына бірқатар өзгеріс енгізілмек. Сонымен қатар жарлықта мұрағаттың штат саны 108-ден 168 қызметкерге дейін артатыны айтылған.

Exit mobile version