Басты бет Жаңалықтар YouTube-та алғаш жарияланған видеоға 12 жыл толды (Видео)

YouTube-та алғаш жарияланған видеоға 12 жыл толды (Видео)

YouTube видеохостингі ресми түрде өз жұмысын 2005 жылдың 14 ақпанында бастады. Алайда ең алғашқы видео 2,5 ай өткен соң, яғни 23 сәуірде жарияланған.

©Көрнекі фото

«Мен хайуанаттар бағындамын» деген атаумен жарияланған видеоға биыл 12 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол 38 миллион рет қаралған.

Видеохостингтің негізін қалағандардың бірі Джавед Карим зообақтағы пілдердің қасында хайуанаттар бағынан алған әсерімен бөліскен бұл видеоролик 18 секундқа қана созылады.

Видеоның астына бірінші болып COBALTGRUV есімді қолданушы пікір қалдырған. Қазіргі таңда бейнероликке жазылған пікірлердің саны 218 мыңнан асады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version