Басты бет Жаңалықтар Бас прокурор балалардың өзіне қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокурор балалардың өзіне қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов балалардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Қадағаушы органның басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырғанын ерекеш атап өтті.

Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз, – деп жазды Берік Асылов.

Оның айтуынша, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады. Сонымен қатар қазіргі кезде қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version