Басты бет Push Маңғыстау облысында жаңа қала салынады

Маңғыстау облысында жаңа қала салынады

Көрнекі фото
Маңғыстау облысында жаңа қала салынады. Бұл туралы Қазақстан үкіметі хабарлады.

Үкімет мәліметінше, Кендірлі аймағында жылына 300 мың адам қабылдайтын туристік қала бой көтереді.

Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы, – делінген хабарламада.

Үкімет жаңа жоба Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер ететінін де жеткізді.

Exit mobile version