Басты бет Push Қазақстанның кей өңірінде қар жауады

Қазақстанның кей өңірінде қар жауады

Алматыдағы қар, 8 ақпан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстанның кей өңірінде қар жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

«Солтүстік пен шығыс өңірлерде, оңтүстік шығыста жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ауа температурасы кей өңірлерде күндіз төмендеуі мүмкін. Республиканың батысында +18+26°С, солтүстікте, шығыста +5+10°С, орталықта +7+15°С, оңтүстікте +12+20°С, таулы аймақтарда +2+10°С құрайды», — делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында түнде ауа-райы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі.

Exit mobile version