Басты бет Push Құтқарушылар 13 жасар қыздың ісінген саусағынан сақинаны шешіп алды

Құтқарушылар 13 жасар қыздың ісінген саусағынан сақинаны шешіп алды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Тараз қаласының Наманганская көшесінің тұрғындары құтқарушыларды шақырған. 13 жасар қыз қолына сақина таққан соң, шеше алмай қалған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жасөспірім зергерлік бұйымды саусағынан шешу үшін түрлі сәтсіз әрекет жасаған. Содан кейін мамандардың көмегі қажет болған.

құтқарушылар
Фото: ТЖМ

Келген құтқарушылар құралдар арқылы қыздың сауағынан сақинаны шешіп алған.

Exit mobile version