25-27 сәуір күндеріндегі ауа райына болжам

Синоптиктер алдағы үш күнде болатын ауа райына болжам жасады.

Фото: Markinternational.info

«Казгидрометтің» хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында циклонның орнығуына байланысты, күн бұлтты болады. Жауын жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді.

Осы циклон шығысқа қарай жылжуына байланысты аталған құбылыстар республикамыздың басым бөлігінде болады.

Бірақ шығыста және оңтүстік-шығыс Қазақстанда алдығы үш күнде жауын-шышынсыз ауа-райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы оңтүстік-шығыста 23-30ºС дейін, шығыста 20-25ºС  жылынады.

Астана қаласында күн райы ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші — 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +5+7°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version