Басты бет Push Президент ҰҚК төрағасы орынбасары мен ІІМ орынбасарын тағайындады

Президент ҰҚК төрағасы орынбасары мен ІІМ орынбасарын тағайындады

Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытбек Рахымбердиев пен Аңсаған Балтабековті жаңа қызметтерге тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл лауазымды бұған дейін атқарған Еркін Советбекұлы Ботақанов қызметінен босатылды.

Бұған дейін Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.

Exit mobile version