Басты бет Жаңалықтар Елімізде әскери робот құрастырылып жатыр

Елімізде әскери робот құрастырылып жатыр

Отандық ғылыми-зерттеу институттары әскери робот дайындап жатыр. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында мәлімдеді.

Көрнекі сурет

Сәкен Жасұзақов әскери шеберлік пен қаруландырудың болашағы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін екі ғылыми-зерттеу институтымен біріге отырып, орталық ашқандарын хабарлады.

“Әскери-ғылыми орталығымыздың бірінші жобасында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттың үлгісін жасадық. Мен аппаратты көріп, оны әскери сынақтардан өткізу үшін бұйрық бердім. Олар қазір әскери роботтың жобасымен айналысып жатыр”, – деді ол.

Министрдің айтуынша, ғылыми университетте 16 ғылым докторы, 28 кандидат, 47 магистр бар.

“Меніңше, қаржыландыруды ескеретін болсақ, олар осы бағыттағы жұмысты орындап шыға алады”, – деді министр Сәкен Жасұзақов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version