Басты бет Жаңалықтар Президент Glencore бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Президент Glencore бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.

Exit mobile version