Басты бет Жаңалықтар Елордада бірнеше автобустың маршруты өзгерді

Елордада бірнеше автобустың маршруты өзгерді

©365info.kz
City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 35, 36, 45, 62 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Exit mobile version