Басты бет Жаңалықтар Даяна Федосова паралимпиаданың қола жүлдегері болды

Даяна Федосова паралимпиаданың қола жүлдегері болды

Даяна Федосова. Фото: KursivMedia
Дзюдошы Даяна Федосова паралимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.

Ол пара дзюдоның J2 санатында 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Спортшы қола жүлде үшін болған тартыста түркиялық Дендю Ешилюртті жеңді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.

Exit mobile version