Басты бет Жаңалықтар Алматының сауда желілері үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды

Алматының сауда желілері үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда сауда желілерінде кейіннен сату үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды. Бұл туралы мегаполис әкімдігі хабарлады.

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу үшін «Алматы «ӘКК» АҚ тауар биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты.

Отандық өндірістегі қант қаланың сауда желілеріне белгіленген сату бағасы бойынша – келісіне 380 теңгеден аспайтын бағамен сатылады. Өз кезегінде қант сататын бөлшек саудагерлер сату бағасына 10%-тен аспайтын үстемеақыны сақтайды. Бұл шара Алматыдағы қант бағасын 2025 жылғы қыркүйекке дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылы қарашадан 2024 жылы тамызға дейін «Алматы «ӘКК» АҚ қаланың сауда желілері арқылы белгіленген сату бағасы бойынша 3 мың тонна көлемінде қант сатты.

Exit mobile version