Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумның күнін белгіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумның күнін белгіледі

Фото: Gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдумның күнін белгіледі.

Бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы АЭС тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болғанын еске салды.

Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын, — деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version