Басты бет Жаңалықтар Qarmet металлургиялық комбинатының жұмысын істеп жатқан екі адам қаза болды

Qarmet металлургиялық комбинатының жұмысын істеп жатқан екі адам қаза болды

Фото: Akorda.kz
Qarmet металлургиялық комбинатында демонтаж жұмысын істеп жатқан екі адам мерт болды. Екеуі де биіктен құлап кеткен. Бұл туралы Қазинформ агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеп хабарлап отыр.

Сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеп жатқанда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, «Қазмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері биіктіктен құлады, — деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.

Қайтыс болғандар — 2005 жылы туған Д.Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю.Самойлов.

Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

Exit mobile version