Басты бет Push Кәсіпкерлер Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға пәтер сыйлады

Кәсіпкерлер Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға пәтер сыйлады

Фото: Алматы облысының жоғары спорт мектебі
Қонаев қаласының орталық алаңында «Aspan Fest» фестивалі өтті. Осы фестивальде кәсіпкерлер Олимпиада жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға пәтер сыйлады.

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс медаль алған Демеу Жадыраевқа облыс кәсіпкерлері 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтер табыстады.

Бокстан қола жүлдеге ие болған Назым Қызайбайға 2 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтер кілті берілді. Фестивальде танымал эстрада әншілері өнер көрсетті.

Exit mobile version