Оңтүстік Қазақстан облысында пияз кептіру цехы іске қосылады

Облыстағы «Март» ЖШС пияз кептіру цехын іске қосып, осы өнімді өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының басын біріктірмек. Ондағы мақсат – пияз өнімін ысырапсыз жинап алып, уақытылы саудалап, жарамсыз күйге түскендерін кәдеге жарату.

Әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, цехтың құрал-жабдықтарын «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы лизингке сатып алмақ.

Кәсіпорынның ерекшелігі – нарықта сұранысқа ие болмауы салдарынан қалдыққа айналған, даладан жинап алуға да жарамай қалған өнімдерді кептірумен айналысуында. Енді диқандар пияздарын нарыққа шығарумен қоса, олардың жарамайтындарын «Март» ЖШС-не жеткізіп беру арқылы, қалдықсыз әрі қосымша пайдамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Оған қоса, шаруалардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында кооператив құрылып, кіші шаруа қожалықтары ірі кәсіпорынға айналады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version