Басты бет Жаңалықтар ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания қаза болды

ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания қаза болды

Фото: BBC
Палестиналық ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания қаза болды. Ол Тегерандағы резиденциясында Израиль соққысынан қаза болған.

Исмаил Хания Ирандағы президент инаугурациясына қатысқаннан кейін Тегерандағы штаб-пәтеріне жасалған «сионистер» соққысынан қаза болды, — делінген ХАМАС мәлімдемесінде.

Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусы ХАМАС жетекшісінің оққағары да қаза болғанын жазды.

Израиль билігі Исмаил Ханияның қазасы жөнінде ешқандай пікір білдірген жоқ.

Exit mobile version