Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда тағы бір көше уақытша ішінара жабылады

Фото: Еgemen.kz
Алматыда Манас көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

27 шілде сағат 23.00-ден 29 шілде таңғы сағат 07.00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр, — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.