Басты бет Жаңалықтар Шаруаларға 4,8 миллиард текше метр су берілді

Шаруаларға 4,8 миллиард текше метр су берілді

Фото: Kapital.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздегі шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етті. Жалпы саны 4,8 миллиард текше метр су жіберілді.

Атап айтқанда «Қазсушар» филиалы:

  • Қызылорда облысы бойынша дихандарға 2,39 млрд;
  • Түркістан облысы бойынша егіс алқаптарына 1,08 млн;
  • Жетісу облысы бойынша шаруаларға 551 млн;
  • Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 225 млн;
  • Жамбыл облысы бойынша суармалы жерлерге 305,1 млн;
  • Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы дихандарға 158,2 млн;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша өңір шаруаларына 15,2 млн;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша дихандарға 60 млн;
  • Қарағанды облысы бойынша егістіктерге 15,6 млн;
  • Ақтөбе облысы бойынша суармалы алқаптарға 8,83 млн;
  • Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 7,5 млн;
  • Павлодар облысы бойынша дихандарға 0,48 млн;
  • Ақмола облысы бойынша егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн;
  • Атырау облысы бойынша шаруаларға 5,6 млн текше метр суармалы су жеткізілді.

Exit mobile version