Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанда жүр

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанда жүр

Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Exit mobile version