Басты бет Жаңалықтар Қырғызстанда сел салдарынан қаза болғандар саны 9 адамға жетті

Қырғызстанда сел салдарынан қаза болғандар саны 9 адамға жетті

Фото: turmush.kg

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында болған селдің салдарынан қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті.

Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.

Еске салайық, Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына азаматтарымызды эвакуациялау және қаза болғандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін ұшып барды.

Exit mobile version