Басты бет Қоғам Халықаралық Infomatrix-2017 компьютерлік жобалар сайысында қазақ балалары үздік шықты

Халықаралық Infomatrix-2017 компьютерлік жобалар сайысында қазақ балалары үздік шықты

Әлемнің 20 елінен келген оқушылар қатысатын дәстүрлі интеллектуалдық сайыста қазақ балалары үздік шықты.

Сайыс Алматы қаласында өтті. Оған Украина, Сомали, Бангладеш және Иран елдерінен келген оқушылар қатысты.

Қазақстандық оқушылар бұл бәйгеде смарт-киіз үй, қашықтан басқарылатын 3D робот және жасыл экономиканы қамтитын робот жасады. Бұл олардың ерекшелігі еді.

«Біз роботтың 3D моделін құрап шығардық. Мына компьютер көмегімен біз оның сыртқы бейнесін салып, оны 3D принтер көмегімен шығардық. Ал сыртқы корпусына пластикті қолдандық. Сосын Arduino борттық компьютері арқылы микроконтроль жасап, ары бері қозғалтамыз»,- дейді өнертапқыш оқушылардың бірі Әлихан Сәлекеев.

Жасыл экономикаға бейімделген жобалар ұйымдастырушылардың көңілінен шықты. Олар бұл роботтарды EXPO-2017 көрмесіне де жібермек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version