«Жалғыз өзі қызды құтқарған Тимурбек Жамаладдиновтың ерлігіне барлық қазақстандық тәнті болды. Ол ерекше ерлік жасады, мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Қазір ол Түрген ауылындағы Қонаев мектебінің 11-сынып оқушысы. Ол оқуды аяқтап, аттестат алған соң Алматы облысы әкімдігінің гранты бойынша Қазақ Ұлттық аграрлық университетке түседі, биыл бұл грант бойынша 357 бала оқып жатыр», — деп мәдімдеді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Еске сала кетейік, 8 жасар қызға шабуыл 14 сәуірде жасалған болатын. Кейін осы ауданның 32 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қазір 2008 жылы туған қызға қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетіліп жатыр екен.