Бейбіт Шүменов пен Юниер Дортикос кездесуі Kazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жек «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикос кездесуі 30 сәуір күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласының «Palms Casino Resort» ойын-сауық орталығында өтеді.

Кездесуде WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Бейбіт үшін бұл жиырмасыншы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі жиырма екінші жекпе-жегін өткізеді.

Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version