Талғат Жұмағұлов ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын бітірген. Әр жылдары ол Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін ол ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасарықызметін атқарды.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version